$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2020, 11:10
Экономика

Қазан айында қазақстандықтар 1 трлн теңгеден аса сомаға сауда жасаған

Тұтыну мақсатында алатын несие көлемі де өскен

Қазан айында қазақстандықтар 1 трлн теңгеден аса сомаға сауда жасаған
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар қазан айында 1,05 трлн теңгеге сауда жасады. Пандемияға байланысты енгізілген әртүрлі шектеулерге қарамастан, бұл көрсеткіш былтырғы статистикадан асып түсті. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.

Тұтыну мақсатында алатын несие көлемі де өскен. Халықтың сатып алу қабілетін жоғалтпау - ел экономикасындағы тоқырау мен регрессияны болдырмауға әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Коронадағдарысқа байланысты шектеулерге қарамастан, қазандағы ритейл (бөлшек сауда) көлемі 1,05 трлн теңге болды. Бұл 2019 жылдың қазанымен салыстырғанда, бөлшек сауданың көлемі 11,9% көбейгенін көрсетеді. Инфляцияны есепке алсақ, бөлшек сауданың өсімі бұдан 4,5% көп. 

Екінші деңгейлі банктерден халықтың тұтыну үшін алған несие көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 0,7%-ға өсіп, 4,27 трлн теңгені құраған. Жалпы, халықтың әртүрлі мақсатта алған несиесінің көлемі 7,16 трлн теңгеге жетіп отыр.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары