$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 14:29
Экономика

Зейнетақы активтері жыл соңына дейін жеке компаниялардың басқаруына өтуі мүмкін

Үміт Шаяхметова зейнетақы активтерін жеке компаниялардың басқаруына беруді жеделдету керектігін айтты

Зейнетақы активтері жыл соңына дейін жеке компаниялардың басқаруына өтуі мүмкін

Halyk Bank зейнетақы қорындағы ақшаны басқаруға әзір

Ұлттық банк әзірлеген зейнетақы активтерін жеке компаниялардың басқаруына беру туралы ұсыныс 2016 жылдан бері талқыланып жатыр. Қазақстан Үкіметі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға беру туралы міндеттемелерді 2018 жылдың соңында аяқтауды жоспарлаған. Алайда тағы бір жыл артта қалды. «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін Ұлттық банк 2013 жылдан бері әлі басқарып келеді.

«Жыл соңына дейін бір шешім қабылданады деп үміттенеміз. Себебі қазір қызу талқылауларлар фазасына көшті. Бір жылдан астам сарапшылар өз пікірлерін ортаға салды. Ал жеке басқару компанияларына беру туралы мәселені әрине салымшы өзі шешеді. Талап бойынша ондай жинақ көлемі 10 млн. теңгеден кем болмауы керек.  Ондай салымшылардың үлесі көп емес.  Десе де менің пікірімше, бұл ілгері жасалған қадам. Зейнетақы жинақтарын басқарауда бәсекелестік орта қалыптасуы керек»- дейді Халық банк басшысы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін сенімді басқаруға алатын компаниялардың құнды қағаздарды басқару тәжірибесі 10 жылдан кем болмауы тиіс. Басқарушы компанияға қойылатын талаптар, міндеттер мен оның қаржылық жағдайы мен тәжірибесі туралы ережелер бекітілуі керек. Үміт Шаяхметова банк жанынан басқарушы компания құруға дайын екендерін айтты. Халық банкінің бұрыннан тәжірибесі барын еске салды.

«Қазір арнайы Кеңес құрылып, оның құрамына Ұлттық банк, Есеп комитеті, Парламент палаталарының жетекшілері,  Қаржы министрі, Ұлттық экономика министрі мен тәуелсіз қаржыгерлер кірген. Айта кету керек зейнетақы активтерін басқарушы компания отандық немесе шетелдік болуы мүмкін. Бастама көтерген мамандар активтерді жеке басқаруға беру ұзақмерзімді және тұрақты инвестициялық табыс табуға мүмкіндік ашылады», - дейді  Басқарма төрағасы.

Банк активтерінің сапасын тексеру жүріп жатыр

Халық банк басшылары банк секторы активтерінің сапасын тексеру қортындыларына қатысты да пікір білдірді.  Ұлттық банк 1 тамызда банк активтерінің сапасын бағалауға (AssetQualityReview) кіріскен болатын. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық сапасы мен болашағын бағдарлайтын ревизияға 14 банк қатысып жатыр. Соның ішінде Халық Банкі де  AQR бойынша аудиторларға тиісті ақпараттарды ашып көрсетуге міндетті. Үміт Шаяхметова қаржы инситуттары өз активтерін жария етуге үйренуі тиіс деп есептейді.

«Жақында Ерболат Досаев (Ұлттық Банк төрағасы- Azattyq Rýhy) AQR бойынша алдын ала тексерулердің қортындысы белгілі деп айтыпты. Жоспар бойынша банк активтерінің сапасын тексеру биыл желтоқсан айында аяқталады. Келесі жылдың қаңтар айында қай банктің «әлсіреп» тұрғанын көретін боламыз. Біз өз тарапымыздан  сыртқы аудиторлармен белсенді  жұмыс жасап жатырмыз. Олар сұраған  ақпараттарды беруге тырысып отырмыз»- дейді банк төрайымы.

AQR 2019 жылдың желтоқсанында аяқталады. Ұлттық Банк шараны  халықаралық консультанттар мен тәуелсіз аудиторлық компаниялармен бірлесіп өткізеді. Тексеру нәтижелері активтердің сапасын бағалауға қатысушы банктер үшін ашық болады.  Ол банк секторының қаржылық тұрақтылығын кешенді бағалау, банк жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, отандық банктердің инвесторлар мен салымшылар алдындағы сенімін арттыруға бағытталған.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары