$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2020, 12:27
Экономика

Шетелдік банк филиалдарының ашылуы отандық қаржы компанияларына кері әсерін тигізбей ме?

Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрі жауап берді

Шетелдік банк филиалдарының ашылуы отандық қаржы компанияларына кері әсерін тигізбей ме?
Фото: creditsdaily.ru

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Заң жобасын талқылау барысында депутат Петр Шарапаев елімізде ашылатын шетелдік банк филиалдарына қатысты мәселені тілге тиек етті.

«Заңнамалық өзгерістердің маңызды бөлігі резидент емес шетелдік қаржы компаниялары филиалдарының қызметін реттеуге бағытталған. Яғни, резидент емес банк филиалдары еліміздің қаржылық нарығында қызмет көрсететін болады. Білетініміздей, резидент емес банк филиалдарының отандық нарықта жұмыс істеуіне Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен бастап рұқсат берілген. Қазақстанда шетелдік банк филиалдарының ашылуы отандық қаржы компанияларының қысқаруына әкеліп соқтырмай ма? Сондай-ақ, бұл қарыз алудың жылдық сыйақы мөлшеріне әсер ете ме?», - деді Петр Шарапаев Ұлттық экономика министріне жолдаған сауалында.

Депутаттың сауалына жауап берген Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов отандық қаржы компанияларында ешқандай қиындық туындамайтынын жеткізді.  

«Елімізде шетелдік банк филиалдарының саны көбеймейді. Заңнамада керісінше, шектеу шаралары енгізілген. Егер де шетелдік банктің филиалы ашылатын болса, олар да міндетті түрде отандық банктерге қойылатын талаптарға бағынуы тиіс», - деді министр.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары