ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Шымкентте 6 млрд теңгеге жоспарланған фарм-зауыттың құрылысы тоқтап қалды

Ресейлік инвестор жобаға қатысудан бас тартты

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 6 млрд теңгеге жуық қаржыға салынады деп жоспарлаған дәрі-дәрмек өндіретін зауыт жобасы тоқтап қалды. Бұл туралы LS агенттігіне қалалық әкімдіктен хабарлаған.

«Тассай» индустриалдық аймағында 5,9 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салу туралы жоспар болған. Әу баста жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Ақпаратқа сәйкес, ақшаның болмауынан бұл жобаның құрылысы тоқтап тұр.

«Бастапқыда бұл жоба ресейлік инвестормен бірлесіп жүзеге асырылды. Қазір ол ары қарай жобаға қатысудан бас тартты. Қазір басқа инвестор іздеп жатырмыз», - деп түсіндірген әкімдіктегілер.

Олардың айтуынша, бүгінде жоба ғимаратының құрылысы 70%-ға аяқталған екен.

Бұған дейін зауытта жылына 2 миллиард таблетка және 300 миллион капсула шығарылады деп хабарланған болатын. Сондай-ақ 50 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.