$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2020, 15:54
Экономика

Қазақстанда жол битумының рекордтық көлемі өндірілді

Өндіріс қуаты тәулігіне 1000 тоннаны құрайды

Қазақстанда жол битумының рекордтық көлемі өндірілді
Фото: баспасөз қызметінен

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жол битумын дайындаумен айналысатын «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС кәсіпорынының өндірістік процесімен танысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

«Газпромнефть-Битум Қазақстан» кәсіпорны 7 жыл бойы мұнай жол битумын дайындаумен айналысады. Өндіріс қуаты тәулігіне 1000 тоннаны құрайды. 

Нұрлан Ноғаев кәсіпорынның өндірістік процесімен танысты. Кәсіпорын басшылығымен әңгімелесу барысында Министр 2014 жылдан бастап 2020 жыл аралығындағы битумға деген қажеттілік 400 мың тоннадан 984 мың тоннаға дейін өскенін атап өтті, бұл Қазақстан тарихында тіркелген рекордты көлем.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жол битумын өндіретін 4 зауыт - «CaspiBitum» БК» ЖШС, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС және «Асфальтбетон 1» ЖШС бар. Олардың жиынтық қуаттылығы жылына 1,0 млн тоннаны құрайды. Отандық зауыттардың өндірістік қуаты битумға деген жоспарлы қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ете алады. 

Серіктес жаңалықтары