$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2020, 01:24
Экономика

Қазақстанда мұнай өнімдерін импорттауға уақытша тыйым салынады

Энергетика министрінің бұйрығы қабылданды

Қазақстанда мұнай өнімдерін импорттауға уақытша тыйым салынады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасына бензинді, авиациялық және дизель отынын теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2020 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімге тыйым салуды көздейтін «Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 352 бұйрығы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда ішкі нарықта мұнай өнімдерінің қорлары айтарлықтай жоғары деңгейде және импорттық отынның қосымша көлемінің келуі отандық мұнай өңдеуге теріс әсер етуі мүмкін.

Атап айтқанда:

- қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін азайтуға;

- зауыттардың резервуарлық парктерінің, сондай-ақ елдің барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне әкеліп,

- соның салдарынан мұнайды өңдеуді мәжбүрлі төмендетуге теріс әсер етуі мүмкін, бұл дизель және авиациялық отын сияқты басқа да бағалы мұнай өнімдерінің түрлерін өндірудің төмендеуіне әкеп соғады. 

Бұйрықты бекіту өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемдері арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары