$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2020, 16:23
Экономика

Экономиканың нақты секторының салалары бойынша өсу болжамы жақсарды

Республикалық бюджет кірістері осы жылы 6 539 млрд теңге көлемінде бағалануда

Экономиканың нақты секторының салалары бойынша өсу болжамы жақсарды
Фото: ашық дереккөзден

Экономиканың нақты секторының салалары бойынша өсу болжамы жақсарды. Құрылыстың 6,5%-ға, ауыл шаруашылығының 4,9%-ға және өңдеу өнеркәсібінің 3,7%-ға өсуі болжануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында айтты.

«Мұнайдың есептік бағасын ескере отырып, болжамдық бағаны 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру ұсынылады. Қаңтар-қыркүйекте мұнайдың орташа бағасы бір баррелге 42 долларды құрады. Нақтыланған жоспар бойынша мұнай өндіру көлемі 85 млн тоннаны құрайды», - деді Ұлттық экономика министрі.

Тауарлар экспорты 45,5 млрд долларға дейін артып, импорт 33,8 млрд долларды құрайды. Осылайша, оң сауда теңгерімі 3,2 млрд-қа өсіп, 11,7 млрд долларға жетуі мүмкін.

Сонымен қатар Руслан Дәленов түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2020 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамын баяндады.

«Республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2020 жылы 6 539 млрд теңге көлемінде бағалануда. Республикалық бюджет шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 205 млрд теңгеге ұлғайып, 14 475 млрд теңге көлемінде болжанып отыр. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5% деңгейінде сақталады. Ұсынылып отырған параметрлер республикалық бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады» - деді Дәленов. 

Серіктес жаңалықтары