$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.09.2020, 08:54
Экономика

Коронавирус індеті Түркістан облысының туризм саласын 906 млн теңге шығынға батырды

Экскурсия қызметі тұралап, жүздеген адам табысынан айырылған

Коронавирус індеті Түркістан облысының туризм саласын 906 млн теңге шығынға батырды
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус пандемиясы Түркістан облысының туризм саласын 906 млн теңге шығынға батырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, экскурсиялық қызмет түрі тұралап қалды. Жүздеген адам табысынан айырылып, қиын жағдайға тап болды. Қазір өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бірақ жергілікті билік сырттан лек-легімен келетін туристерді күтіп отырған жоқ. Сондықтан ішкі туризмді дамытуға күш салған тиімді. Алайда, өңірдегі ішкі туризм саласы әлі де бір ізге түскен жоқ. Кейбір туристік орындарда қызмет көрсету сапасы, дәретхана, тіпті қауіпсіздік мәселелері де толық шешілмеген.

Карантин кезінде ұзақ уақыт бойы көпқабатты үйде қамалған тұрғындар шектеулер алынысымен қаладан далаға, табиғат аясына қарай ұмтылғаны рас. Алайда, тауға шығып, таза ауа жұтып, табиғат аясында тыныққысы келгендер қауіпсіздік шараларын ұмыт қалдырып жатты. Соның салдарынан, Төлеби ауданындағы тауларда екі адам қайтыс болды. «Сондықтан туристік топ мүшелері үшін қауіпсіздік қашанда бірінші орында тұруы тиіс», - дейді мамандар.

«Осы мәселені реттеу бойынша гидтар, парамедиктер қай жерден оқып, сертификат алып, ұйымдастыру шараларын заңды түрде қалай жүзеге асыру керектігі бойынша туризм индустриясы комитетінен ресми хат жолданды. Мәселен, туристік оператор, турагент саяхат ұйымдастыратын болса, ол міндетті түрде ТЖД-ға тіркелуі керек. Туристердің таулы аймаққа туристік жолбасшысыз шығуына рұқсат етілмейді», - деді облыстық Туризм басқармасының бөлім басшысы Перизат Қонысбаева.

Серіктес жаңалықтары