$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2020, 05:56
Экономика

Қазақстанда интернет пен ноутбук қымбаттады

Сонымен қатар дәрі-дәрмек және жерлеу рәсімдерінің де бағасы өскен

Қазақстанда интернет пен ноутбук қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы сегіз айда баға азық-түлік емес тауарларға – 3,4%, ақылы қызметтерге 2% қымбаттады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Баға дәрі-дәрмекке – 7,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 7,1%, тұрмыстық аспаптарға – 5%, құрылыс материалдарына – 4,9%, автомобильдерге – 4,7%, ноутбуктерге – 3,3%, кеңсе тауарларына 3,2% жоғарылады. Бензин 2,6% қымбаттады.

Сондай-ақ, баға жерлеу қызметтеріне 5,7% артқан. Денсаулық сақтау қызметтеріне – 4,3%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 3,8%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,5% өсті.

Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2,2% жоғарылады. Қалалық көлікпен (такси) жол жүру ақысы – 6%, пойыз билеттері 4,4% қымбаттады.

Қоқыс шығару бағасы – 11,1%, электр энергиясына 3,5% артты.

Серіктес жаңалықтары