$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2020, 12:57
Экономика

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,4% төмендеді – Бақыт Сұлтанов

Сауда министрі мұның бірнеше себебін атап өтті

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,4% төмендеді – Бақыт Сұлтанов

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,4%-ға төмендеген. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Нақтырақ айтқанда, 2020 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауданың тауар айналымы $42,5 миллиардты құраған. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ($45,9 млрд) 3,4 млрд теңгеге немесе 7,4%-ға азайған. 

2020 жылдың кейінгі 6 айында экспорт 9,1%-ға төмендеген және 2019 жылмен салыстырғанда $26,0 миллиардты ($28,6 млрд) құраған. Импорт 4,6%-ға төмендеді және $16,5миллиардты құрады, 2019 жылғы осы кезеңде ол $17,3 млрд болған.

«Өкінішке қарай, Еуразиялық одақ шеңберінде бұл төмендеу одан да көп – 10,0%. Басқа өңірлік бірлестіктерде сауда – қатысушы елдердің экономикалық белсенділігінің басты ынталандырушысы болып табылады. Сондықтан сауданы барынша аймақтандыру Еуразиялық одақтың басты мақсаты болуы тиіс», - деді ол есеп беру кезінде.

Сауда министрі мұны Қазақстанның жер аумағының үлкендігімен, халық тығыздығының төмендігімен және сыртқы нарықтың алыстығымен түсіндірді.

«Қалалар бір-бірінен және сыртқы нарықтан үлкен қашықтықта жатыр. Сондықтан бізде бәсекеге қабілетті өнімді құру ғана емес, оны нарыққа шығару және шетелге сату мәселесі тұр. Оны Еуропаға немесе Америкаға, алыс жерлерге апару керек. Тек жоғары мамандандырылған тауарларды тасымалдау тиімді. Мысалы, біздің шығысымызда шығарылатын әуе құрылысына арналған құрамдауыштар, біз өткен жылы сата бастаған қосарлы мақсаттағы өнімдер немесе тепловоздар бар. Бірақ қалған барлық өнім бойынша біз ең алдымен логистикада ұтыламыз. Сондықтан бірінші кезекте жақын көршілермен сауданы дамыту маңызды», - деді министр.

Оның айтуынша, Еуроодаққа мүше елдер арасындағы тауар айналымы барлық сауданың 63%-на, НАФТА-да 47%-ға жетеді. Ал Еуразиялық одақ ішінде бар болғаны 14%-ды құрайды. Ол пандемия кезінде 11%-ға дейін төмендеп кеткен.

Сол себептен де, министр сауда-экономикалық интеграцияны тереңдетуде жұмыс істеу керек екенін алға тартады.

Абай Сейфулла,  Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары