$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2020, 11:38
Экономика

Қазақстанның сақтандыру компанияларына 24 млн теңге айыппұл салынды

Бір жылда елдегі сақтандыру компанияларының активтері 23%-ға өсті

Қазақстанның сақтандыру компанияларына 24 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Батыржан Беспаев

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржылық қызмет тұтынушылардың құқығын қорғау аясында сақтандыру ұйымдарына 22 шара қолданылды, деп хабарлайды finprom.kz.

Оның ішінде:

  • 15 әкімшілік айыппұл;
  • қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді азайту бойынша 6 шара (жазбаша бұйрық);
  • лицензиясын тоқтату бойынша 1 шара.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, сақтандыру ұйымдары көп жағдайда ҚР «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңының, сондай-ақ қаржы секторын реттеу нормаларын сақтамайды.

Жалпы, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында сақтандыру ұйымдарына салынған әкімшілік айыппұл көлемі 24,4 млн теңгені құрады.

«Астық сақтандыру компаниясына» 8,3 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 13 наурызда пруденциалдық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін сақтандыру компаниясының лицензиясы 6 айға тоқтатылды.

Ең көп айыппұл салынған сақтандыру компанияларының үштігіне «Сентрас Иншуранс» (3,9 млн тг) және Jýsan Garant (3,1 млн тг) кіреді.

Айыппұл салынғандардың қатарында активтері бойынша елімізде үздік бестікке кіретін «Халық сақтандыру компаниясы» АҚ (1,1 млн теңге) және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы АҚ (1,7 млн теңге) сияқты ұйымдар бар.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда сақтандыру ұйымдарының нарығы айтарлықтай қарқынмен өсуде: соңғы 5 жылда сақтандыру ұйымдарының активтері жылына орта есеппен 16,5%-ға өсті. Маусым айының соңына қарай сақтандырушылардың активтері 1,4 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,2%-ға көп.

Серіктес жаңалықтары