Елімізде екінші тоқсандағы орташа жалақы 212 035 теңгені құрады
Ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында (386,4 мың теңге) тіркелді

Қазақстанда 2020 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 212035 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
«Салалық құрылымда ең көп атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 443,4 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде –386,8 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 273,2 мың теңге, көлік және жинақтау саласында – 233,6 мың теңге белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 127,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40%-ға төмен», - деп жазылған хабарламада.
Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді – 386,4 мың теңге.