Қытайдың өңір елдерімен жалпы сауда көлемінің шамамен 60 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі
Астанада Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Қытай (Цзянсу провинциясы) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Форум аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чжансин инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылап, Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясы орталығының ашылғанын ресми түрде жариялады.
Қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналым 49 млрд долларға жетіп, рекорд орнатқан. Жалпы, Қытайдың өңір елдерімен жалпы сауда көлемінің шамамен 60 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Жалпы, сауда министрлігі хабарлағандай, болашақта Ақтау портында жаңа контейнерлік жоба ашу жоспарланып отыр.
Ал, бүгін ашылған орталық арқыы Цзянсу провинциясына қазақтың бидайы мен етін, және араның балын экспорттау көзделіп отыр.