Жамбыл облысындағы 89 каналды жөндеу үшін халықаралық банктер ақша берген
Әзірге, халықаралық қаржының сомасы белгісіз
Жамбыл облысындағы суармалы жерлер мен су инфрақұрылымы ауқымды модернизациядан өткізу үшін 89 каналды жөндеу көзделген. Бұл туралы өңір тұрғындарымен кездескен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, аймақтағы тозығы жеткен каналдар мен дренаж жүйелері кезең-кезеңімен жөнделеді.
«Халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен Шу, Байзақ, Талас және Сарысу аудандарында жалпы ұзындығы 1000 шақырымға жуықтайтын 89 канал жөнделіп жатыр. Бұл жоба аяқталғанда облыстағы 100 мың гектардан астам суармалы жердің су мәселесі шешілмек», - деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.
Қазір тағы 74 каналды реконструкциялаудың құжаттары әзірленіп жатыр.