Тоқаев бірнеше маңызды заңға қол қойды

Президент  бірқатар келісімді ратификациялады 

Тоқаев бірнеше маңызды заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда жазды

«Мемлекет басшысы «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Тоқаев  «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды