Boeing Қазақстандағы ұшақтарын Шымкент әуежайында жөндемек
Бұл туралы Тоқаевтың Америкаға сапары кезінде белгілі болды
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америкадағы сапары кезінде Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккимен кездескенін жазған едік. Осы кездесу кезінде ірі компания Қазақстанға қатысты бірқатар жоспарларын жария еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстаннан Америкаға тікелей рейс ашу үшін елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жетеді. Бұдан өзге, SCAT компаниясы да осы компаниядан ұшақ сатып алмақ.
«SCAT әуе компаниясы қосымша Boeing ұшақтарын сатып алмақ. Сондай-ақ америкалық корпорациямен серіктестік негізінде Шымкент әуежайында алғашқы техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр», - деп хабарлайды Ақорда.
Джефф Шокки Қазақстанның көлік-транзит әлеуетіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, әуемен жүк тасымалдау бағытында нәтижелі ықпалдастық орнатуға мүмкіндік мол.