$ 489.17  576.63  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Американың ірі компаниясы «Самұрық-Қазынамен» бірге Қазақстанда халықаралық аурухана салғысы келеді

Бұл бастамаға әлемдік бренд тартылады

Американың ірі компаниясы «Самұрық-Қазынамен» бірге Қазақстанда халықаралық аурухана салғысы келеді
Фото: Ақорда

АҚШ-тағы кезекті сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар америкалық компания басшыларымен кездескен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Тоқаев Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдаған.

Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының басшысы Марк Кумбс өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылаған.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Ashmore Healthcare International компаниясы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бірлесіп, Қазақстанда халықаралық клиника салуды жоспарлап отыр. Бұл бастамаға әлемдік деңгейдегі медицина операторы – Mount Sinai Health System компаниясын тарту көзделген.

«Тоқаев Үкіметтің аталған маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында ынтымақтастық орнату үшін зор әлеует бар екеніне назар аударды», - деп хабарлайды Ақорда.