$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дүниежүзілік банк Қазақстанға алты жыл бойы жыл сайын $1 млрд бөлуге дайын

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2026–2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын талқылады

Дүниежүзілік банк Қазақстанға алты жыл бойы жыл сайын $1 млрд бөлуге дайын
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесе отырып, Банк пен Қазақстан арасындағы 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Серік Жұманғариннің айтуынша,  Дүниежүзілік банк 2031 жылға дейінгі өзара іс-қимыл бағдарын айқындайтын құжатты дайындап жазған.

«Біз Дүниежүзілік банкпен әріптестікті жоғары бағалаймыз. Ұсынылған стратегия сараптама, қаржыландыру және бірлескен бастамалар арқылы біздің реформаларды қолдау үшін негіз жасайды», - деген Жұманғарин.

Үкіметтің ресми сайты хабарлағандай, Дүниежүзілік банктің өкілдері Қазақстанға алты жыл ішінде жыл сайын $1 млрд-қа дейін қаржы бөлуге дайын екенін айтқан.