$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2020, 09:50
Экономика

Елімізде бензин өндірісі 12%-ға артып, дизельдік отын 8%-ға аз шығарылып жатыр

Үкімет жанармайды сырттан тасымалдауға тыйым салуы мүмкін

Елімізде бензин өндірісі 12%-ға артып, дизельдік отын 8%-ға аз шығарылып жатыр
Фото ашық дереккөзден

2020 жылдың 5 айында Қазақстанда 1,8 млн тонна бензин өндірілген. Бұл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 11,8 пайызға артық. Ал, дизельдік отын да 1,8 млн тонна өндірілгенімен, оның көлемі былтырдан 8,3 пайызға аз деп жазады Energyprom.kz.

Ең көп жанармай Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауытында өндірілді – 781,5 мың тонна (25,5% өсім). Ал, ең көп солярканы Атырау мұнай өңдеу зауыты шығарды – 627,3 мың тонна. Тағы 586,3 мың тонна диз.отын Павлодардағы мұнай-химия зауытында өндірілді.

Осылайша, биыл 4 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар ішкі нарықта дизельдік отынға деген сұраныстың 92,2 пайызын өтеді. Сондай-ақ, өндірілген өнімнің белгілі бір бөлігін экспортқа да шығарған.

Ал, бензинге деген сұраныс толығымен жабылды. Яғни, ішкі нарық импортқа мұқтаж болмаған. Керісінше, отандық өндірушілер биыл 148,7 мың тонна бензинді шетелге экспорттады. Осы орайда Үкімет жанармайды сырттан тасымалдауға шектеу қою туралы заңды қоғам талқысына ұсынды.

Серіктес жаңалықтары