Қазақ тіліндегі арт-фильм Париждегі басты алаңдардың бірінде көрсетіледі (ВИДЕО)
Қысқа метражды фильм қазақ даласындағы аштықты баяндайды
Заманауи өнер мен поэзияны ұштастырған «Täuelxsız» арт-жобасының тұңғыш арт-фильмі Speak Volumes жобасы аясында Парижде көрсетіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Франция астанасындағы көрсетілім 13 қыркүйекке жоспарланған. «Аштық жайлаған дала» атты қысқа метражды фильм Франциядағы заманауи өнерді қолдайтын халықаралық «rojetbetula» жобасының іріктеуінен өткен.
«Біздің алғашқы видео-арт Франция астанасы Парижде, Speak Volumes жобасы аясында көрсетіледі! Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі үлкен жауапкершілік», - дейді «Täuelxsız» арт-жобасының ұжымы.
Айта кетейік, фильмнің режиссері Лаура Мұхиева, идея авторы әрі продюсері Руслан Жұбаныш. Басты рөлдерді театр және кино актері Бағашқан Тоқтамұрат, Нұрай Сисенбай, Дамир Сейсенбек, Ақмарал Жарбосын сомдайды.
Арт-фильмнің тұсуы биыл – 31 мамыр күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында кесілген.