30.08.2025, 10:32
Мәдениет
«3 млн көрермен»: Қазақстанда театрға барушылар көбейді
Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда театрға қызығушылық артып келеді: өткен жылы спектакльдерге 3 миллионнан астам көрермен барған. Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандағы театрлар саны
Қазіргі таңда елімізде 74 театр жұмыс істейді, олардың басым бөлігі (шамамен 80%-ы) – мемлекеттік меншікте.
- Алматы 22 театрмен көш бастап тұр;
- Астанада – 10 театр;
- Шымкентте – 6 театр бар.
Жанрлар бойынша:
- 40 – драмалық театр;
- 11 – қуыршақ театры;
- 4 – музыкалық театр;
- 4 – опера және балет театры;
- қалғаны – түрлі жанрдағы сахналар.
Көрермендер саны артты
2024 жылы қазақстандық театрларға 3 млн көрермен барған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 3%- жоғары.
- Бір жылда 2 553 қойылым көрсетілген;
- Постановкалар саны бір жылда 14%-ға артқан.
Жаңа маусым – жаңа премьералар
Қыркүйекте Қазақстан театрларында жаңа маусым ашылады. Әдетте жаңа маусымда:
- классикалық қойылымдар қайта сахналанады;
- отандық драматургтердің жаңа туындылары ұсынылады;
- жастарға арналған заманауи спектакльдер қойылады.
Мәдениет саласының сарапшыларының пікірінше, соңғы жылдары қазақстандық көрерменнің театр өнеріне қызығушылығы қайта жандана бастаған.
Көп оқылған
23.07.2026, 13:15
Актриса Айым Сейітметова күйеуімен ажырасып жатқанын айтты
23.07.2026, 11:12
«Нұрлы жол» вокзалының төбесі ортасына түсті: ҚТЖ не дейді
23.07.2026, 16:12
Астанада нөсер жаңбыр көшелерді суға батырды: жүргізушілер көлік төбесіне шығуға мәжбүр болған (ВИДЕО)
23.07.2026, 20:03
Қазақстандықтарға «Әділет» партиясына қабылданғаны туралы SMS жаппай келе бастады: не болып жатыр?
23.07.2026, 13:58
Қазақстанда 100 дронды қатар басқаратын жүйе сынақтан өтті (ВИДЕО)