$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атақты батырдың «Алтын ленталы Анна» медалімен бірге алған шапаны Ұлттық музейге табысталды

Тәнеке Дөсетұлы – ХІХ ғасырда Жетісу жерінде азаттық үшін күрескен аса беделді тарихи тұлға

Атақты батырдың «Алтын ленталы Анна» медалімен бірге алған шапаны Ұлттық музейге табысталды
Фото: Ұлттық музейдің баспасөз қызметі

«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында тарихи маңызды жәдігер - ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, атақты би, батыр Тәнеке Дөсетұлының шапаны музей қорына табысталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тарихи жәдігер «Матай Бөрібай батыр» қорының арқасында Ұлттық музейдің қорына табысталып отыр. Жәдігерді батырдың ұрпағы, Алматы қаласының тұрғыны Қарлығаш Бидахметова табыстаған.

«Матасы шұғадан тігілген шапан – Тәнеке Дөсетұлының 1847 жылы патша үкіметі тарапынан арнайы тігілген әрі «Алтын ленталы Анна» медалімен бірге берілген сыйлығы. Мұндай шапан – тек аса ықпалды, ел басқарған тұлғаларға ғана  берілетін жоғары марапат. Бұл Тәнекенің тек батыр, би ғана емес, орыс билігімен дипломатиялық қарым-қатынас жүргізе білген көреген саясаткер екенін көрсетеді», - деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.

Тәнеке Дөсетұлы – Жетісудағы ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті тұлғасы. Ол – ХІХ ғасырда Жетісу жерінде ел басқарған, азаттық үшін күрескен аса беделді тарихи тұлға. Найман тайпасының Матай руынан шыққан әйгілі Қыдыралы бидің немересі. 1807 жылы қазіргі Алматы облысы Ақсу авуданы Тасқара жайлауында дүниеге келіп, 1885 жылы өмірден өткен.

Тәнеке Дөсетұлы жайлы деректер Ресейдің Санкт-Петербург, Мәскеу архивтерінде сақталған. 1846 жылы Матай мен Қапал өңірінің старшыны болып тағайындалған. 1847 жылы оған «Хорунжий» әскери шені беріліп, арнайы марапат ретінде шұғадан тігілген шапан сыйға тартылған.

Серіктес жаңалықтары