«Орынсыз жүрген шығармын»: Нұржан Керменбаев сахнадан неге көрінбей кеткенін түсіндірді
Биылдан бастап қайта сахнаға оралмақ

Белгілі әнші Нұржан Керменбаев соңғы уақытта неге көпшілік алдына шықпай кеткенін түсіндірді. Өнер иесі біраз уақыт бойы шығармашылық үзіліс алғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Түсірілімде жүрген кей сәттерде өзіме: «Орынсыз жүрген шығармын» деген ой келді. Бір тыныштық, бір үзіліс керек секілді сезіндім. Сол себепті біраз уақытқа бәрінен бас тарттым», – деді әнші.
Нұржан Керменбаевтың айтуынша, бұл уақыт оған өз-өзімен болуға, шығармашылықты саралап, жаңа леппен қайта оралуға мүмкіндік берген.
«Осы 2025 жылдан бастап қайтадан сахнаға, түсірілімге шыға бастадық», – деп бөлісті ол.
Нұржан Керменбаев – отандық шоу-бизнестегі танымал есімдердің бірі. Ол «SuperStar KZ» жобасы арқылы танылып, бірқатар хит әннің авторы әрі орындаушысы ретінде елге белгілі.