$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 1 миллион бала бір сәтте күй тартты: олардың ең кішісі – 4 жаста (ВИДЕО)

Балалар мен жастар акцияны Наурыз күніне арнаған

Қазақстанда 1 миллион бала бір сәтте күй тартты: олардың ең кішісі – 4 жаста (ВИДЕО)
Фото: оқу-ағарту министрлігі

Бүгін Қазақстанның түпкір-түпкірінде бір миллион бала жас бір сәтте атақты күйлерді бірге шертіп, республикалық челленджге қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен  «Наурызнама» аясында өткен.

«Бүгін бір мезетте 1 миллионға жуық бала «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Тепең көк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» сияқты қазақтың атақты күйлерін шертті. Шараға оқушылар мен колледжд студенттерінен бөлек, балабақшадағы бүлдіршіндер де ат салысты. Мәселен, челленджге қатысқан ең кішкентай бала - 4 жасар Жұмабек Самир. Ол Қостанай облысы Қарабалық ауылының «Айналайын» балабақшасына барады», - деп хабарлайды министрлік.

Серіктес жаңалықтары