$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құлақ тесу, бұрым өру және бесікке бөлеу: Астанадағы балабақша байырғы салт-дәстүрлерді жаңғыртты (ВИДЕО)

Бүлдіршіндер баланы қалай бесікке салатынын көріп, құлақ тесу дәстүрімен танысқан

Құлақ тесу, бұрым өру және бесікке бөлеу: Астанадағы балабақша байырғы салт-дәстүрлерді жаңғыртты (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Наурызнама онкүндігі мерекесінің аясында Астанадағы «Толағай» балабақшасының бір топ тәрбиешісі арнайы музыкалық-театрландырылған қойылым дайындап, балаларға байырғы салт-дәстүрлерді көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Балабақша меңгерушісі Эленора Үсембаеваның айтуынша, осы қойылым арқылы тәрбиешілер бүлдіршіндерге қазақтың балаға қатысты әдемі салттарын көрсетіп, саналарына ұлттық тәрбие сіңіргісі келген.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында өткен осы театрландырылған қойылым балаларға Наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсіндіріп, бұрын ата-бабамыз баланы қалай тәрбиеледі деген сұраққа жауап іздеді. Бүгін баланы бесікке бөлеу, қыз баланың құлағын тесіп, бұрымын өру сияқты салттарды паш еттік», - дейді балабақша меңгерушісі. 

Бүлдіршіндер Наурызға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жаңа білім игерген. Қойылымға балабақша әдіскері Арайлым Түймебай, көп жылдық тәжірибесі бар тәрбиешілер Назгүл Жұмабаева, Айгүл Абибуллақызы, Бақтыгүл Қоспаева, Рахила Ергешова, Гүлсара Бағдатбекқызы, Аля Рахимовалар белсенді атсалысқан.

Серіктес жаңалықтары