$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Көз жасымды тоқтата алмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Арман Дүйсенов пен оның ұлын еске алды

Тележүргізуші бейіт басына барғанда олардың зиратын көретінін айтты

«Көз жасымды тоқтата алмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Арман Дүйсенов пен оның ұлын еске алды
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы қайтыс болған сазгер Арман Дүйсенов пен оның ұлының қазасын еске алып, жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ләйлә Сұлтанқызы Баян Мақсатқызы ұйымдастырған Queen Show кешінде Арман Дүйсеновтің «Туған жер» әнінің шығу тарихы айтылған сәтте өзін тоқтата алмағанын жеткізді.

«Сүртейін десем, орамал алмаппын. Ешкім көріп қоймасын деп, қолыммен қайта-қайта бетімді сипап отырдым. Қайрекеңнің басына барғанда, қасынан Арман мен ұлының жатқан жерін көреміз. Жүрегімнің сыздағаны-ай», – деп жазды ол.

2024 жылдың 7 қазанында Арман Дүйсеновтің ұлы өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебі – механикалық асфиксия. Марқұмның қолдары байланған күйде болғаны да көпшілікті алаңдатты. Ол қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.

 

Серіктес жаңалықтары