«Біздің тамырымыз бір»: Әзербайжан әншісі Роза Рымбаеваны сынағандарға жауап берді
Ол халықты мейірімді болуға шақырды
Жыл сайын өтетін «ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ-2024» іс-шарасында Роза Рымбаеваны сынағандар көп болды. Оған себеп әнші сахнаға шыққанда орыс тілінде сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызық премияяда» жылдың ең үздік хиті ретінде әзербайжандық әнші Роза Зергерлінің «İstədim» әні таңдалды. Әзербайжан әншісі сахнаға шыққанда өзінің ана тілінде сөйледі. Әншінің есімі Роза Рымбаеваның құрметіне қойылғанын осыған дейін жазған едік. Ал Роза Рымбаева саханаға шығып орыс тілінде сөйлегенін көпшілік сынады.
Премияның бұл саны 4 млн-ға жуық қаралым жинаған. Оның астына жазылған пікірлерде де Роза Рымбаеваны сынағандар өте көп болған.
Әзербайжан әншісі Роза Зергерлі Рымбаеваны сынағандарға жауап берген.
«Менің құрметті достарым, біздің тамырымыз бір – бастысы осы. Роза ханым бізге көмектесіп жіберді. Залда отырған көрерменнің ішінде мені жақсы көретін, бірақ түсінбеген адам көп болды. Сол себепті мен өзімнің ыстық ықыласымды орыс тілінде жеткізе алдым. Мейірімді болайық», - деп жазған ол.