ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырған

«Астана Балет» театры онлайн экскурсия өткізеді

Видеоэкскурсияны Youtube видеопорталынан көруге болады

Өнер ұжымы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен онлайн-экскурсия топтамасын шығарды.

«OnStage/Online» деп аталатын жоба осы заңғар өнердің қалыптасу тарихы жайында сыр шертеді. Театрдың жетекші солисі Дилара Шомаева театр әлеміне саяхат жасап, репертуардағы спектакльдер жайында мәлімет береді.

Экскурсиялар Youtube видеопорталындағы «Астана Балет» театрының ресми каналында көрсетіледі.

Жобаның алғашқы бағдарламасы 10 мамырда көрерменге жол тартты. Алғашқы хабар «Астана Балет» театрының тарихына арналды. Хабардың қонағы театрдың жетекші солисі – Дарина Қайрашевамен сұхбат барысында, отандық хореограф Мукарам Авахридің «Саломея» бір актілі балеті жайлы айтылды.

Жобаның келесі бағдарламасы 22 мамырда сағат 20:00 жоспарланған. Хабар қонағы – «Астана Балет» театрының қоюшы-хореографы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти. Сұхбат барысында қазақ биінің болашағы жайлы сөз қозғалады. 

Ал, үшінші бағдарлама 29 мамырда көрерменге жол тартады. Онда театрға бару дәстүрі сөз болмақ. Яғни, б.з.д. 5 ғасырдағы ережелер мен қазіргі кездегі театр тәртібі жайында әңгіме өрбиді. Хабар қонағы – «Астана Балет» театрының хореографы Рикардо Амаранте.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған