ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырған

Димаштың коронавирусқа қарсы күреске арналған әні алтын сертификатқа ие болды

Ол «We Are One» әні

Дүниежүзіне танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің коронавирусқа қарсы күреске арналған әні Қытайдың музыкалық платформасында алтын сертификатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Димаш Құдайбергеннің «We Are One» әні Қытайдың QQ Music платформасында алтын сертификатты иеленді. Жанкүйерлерінің қолдауының арқасында сингл 1 млн танымалдылық индексін жинады», – делінген Instagram-дағы dimash.news парақшасында.

Димаш коронавирус пандемиясына қарсы күреске ән арнағаны бұған дейін хабарланған еді. «We Are One» (Біз біргеміз) атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары Xinhua News» парақшасында жарияланды. Бейнебаянда вирустың алғашқы ошағы Ухань қаласы , дәрігерлер, волонтерлер, маска таққан адамдар, гуманитарлық көмектің қабылдануы, дүкеннің бос қалған сөрелері көрсетілген. Видео соңында аспандағы бұлт сейіліп, дәрігерлердің қуанышы, маскаларын шешіп тастаған балалардың мәз-мейрам кезі көрсетілген.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған