$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жыладым»: Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовадан қалай кешірім сұрағанын айтты (ВИДЕО)

Ол өзі кішірейіп, кешірім сұраған

«Жыладым»: Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовадан қалай кешірім сұрағанын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергеннің авторлық бағдарламасына сұхбат бергенде Баян Алагөзовамен көп уақыттан кейін кездескендегі әсері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сахнаға бірге шыққанда жыладым. Себебі сағындым. Ол кісінің өмірінде бірталай жағдайлар болды. Содан кейін көрістік. Аман-есен аяққа тұрған соң бардым. Ол жағдай маған сондай ой салды деп ойлаймын. Өзім барып, өзім кішірейіп, кешірім сұрап,  сағынышымды басып, құшақтадым. Ол кісіде де сондай болды. «Осыған дейін неге келмедің?» деп ұрысты. Әдемі әңгімелестік», - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Оның айтуынша, адам өмірдегі жағдайлар арқылы тәрбиеленеді.

«Ал адамның әрі қарай өзгеруі, мінезінің көркемделуі өзіне байланысты. Қоғамда өспейтін адам көп. Олар олған жағдайды сараламай, ойланбайтын шығар. Мен «неге менімен осылай болып жатыр?» деп ойландым. Соның арқасында өзгеріс, нәтиже болды», - дейді Әуелбекова.

Серіктес жаңалықтары