$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Менің арқа сүйерім еді»: Құрманай Бақтиярқызының тұңғышы жан тебірентерлік жазба жариялады

 

Ол анасымен жасайтын жоспар көп екенін жеткізді

«Менің арқа сүйерім еді»: Құрманай Бақтиярқызының тұңғышы жан тебірентерлік жазба жариялады
Фото: Instagram/kurmanai_bakhtiarkyzy

Ақын Құрманай Бақтиярқызының Ханшайым есімді қызы анасына жантебірентерлік жазба жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Анашым менің, жұмағыммм Аллаһ бере салғаным, қайтарып өзіне Раббым шақырып алды. Мәңгілік сапарына шығарып салдым. Жарқыраған күн еді, менің арқа сүйерім еді ғой. Бәрін жүректен шыққан сөздерімен жұбататын. Бүгін үйден ғұсылын алдырып, сұлу боп шыққанда қимастық сезім қатты қысты. Раббыма көп дұға айттым алдынан жарылқашы деп, бар періштелер әдемі иісімен күтіп алатындай етіп шығарып салдым Анашыммен жасалған қаншама ниетім бар еді ғой. Меккеге бірге барамыз анашым, сенің аяғың да сәждеге маңдайыңда тиді ғой, енді бірге намаз оқиық, қара тасты бірге ұстап тілек айтамыз деп едік», - дейді ол.

Ханшайым анасының жәннатқа баратынына сенетінін айтты.

«Раббыма шексіз сенемін, анашым, сені жәннәттық ететініне, Пайғамбарым (с.ғ.с) ның көршісі ететініне,артыңда қалған ұл мен қыздарың тәж кигіземіз.Анашым, махаббатым, жәннәтім. Жарығым жатқан жерің жарық, қабірің кең болсыншы. Жүрегіме иман салған жүрегіңнің иманы өзіңе серік болсыншы», - деп жазды ол.

Еске салсақ, ақын Құрманай Бақтиярқызы 29 қазанда дүниеден өтті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ақын #сазгер