Мейрамбек Бесбаевтың сәбилі болатынын білгендегі эмоциясы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Ол тағы бір баласы болады дегенді естігенде еріксіз жылаған
Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат Бесбаева қызына жүкті болған жаңалығын бөліскен сәттегі видеоны жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің әйелі аяғы ауыр екенін білдіретін тесті Мейрамбек Бесбаевқа сыйлық ретінде берген. Ол жаңалықты естіген кезде «Не дейді, Құдайым-ау» деп көзіне жас алады. Отбасының қалған мүшелері де қуаныштан көз жасына ерік берген.
Видеоны көрген оқырман эмоцияға ерік бергенін жазған.
«Сіз босанып қойдыңыз, мен немене жылап отырмын. Ән ағамыздың тағы бір ұрпағы деген қуаныш. Қазақтың құрметті азаматтарының бірі Мейрамбек баламыздың ұрпағы көп болып, тамырын тереңге жая берсін! Мархабат, жаным дендерің сау болып, бақыттан бастарың айнала берсін», - деп жазған олар.
Еске салсақ, қазанның басында Мейрамбек Бесбаев қызды болып, есімін Айзия деп қойған болатын.