12.05.2024, 08:22
Мәдениет
«Eurovision-2024»: швейцариялық әнші жеңіске жетті
Бұған дейін Швейцария аталмыш байқауда екі рет жеңіске жетті
Фото: Martin Sylvest Andersen/Getty Images
«Eurovision-2024» музыкалық байқауында швейцариялық әнші Немо The Code композициясымен 591 ұпай жинап жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бесінші орынды израильдік әнші Эден Голан (375), төртінші орынды француз орындаушысы Слиман (445), үшінші орынды украиналық Алена Алена мен Джерри Хейл дуэті (453), екінші орынды baby Lasagna (547) деген атпен танымал хорват әншісі Марко Пуришич иеленді.
«Eurovision-2024» музыкалық байқауы Швецияның Мальма қаласында өтті. Жартылай финал 7 және 9 мамырда өткен болатын, байқаудың финалы кеше, 11 мамырда өтті.
Бұған дейін Швейцария аталмыш байқауда екі рет жеңіске жетті: 1956 жылы (Лиз Ассия), содан кейін 1988 жылы (Селин Дион).
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы