Ганди мүсіні: Астанада тағы бір ескерткіш ашылды
Оны Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди мырзаның арнайы өкілі ашты
Үндістанның Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Жоғары мәртебелі Минакаши Лекхи мен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Махатма Гандидың толық бойы көлемдегі мүсінін ашты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Қайраткердің мүсіні Есіл өзенінің бойындағы аллеяға орнатылды. Іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Алматыда Махатма Гандидің мүсіні 2003 жылы орнатылды. Биыл Дели қаласында хакім Абай Құнанбайұлына ескерткіш бюст қойылған.
«Бұған дейін Қазақстан еліне жасаған сапарым кезінде қазақстандық билік өкілдеріне үндістандық туристер үшін визасыз режим жасауға өтініш білдірдім. Бұл мәселе шешімін тапты. Қазақстан Үндістан азаматтарға 14 күнге дейін визасыз жүріп-тұруға рұқсат берді. Бұл үшін Қазақстанға үлкен алғыс білдеремін. Қос елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас бұдан әрі де дами түсуіне күш саламыз», - деді министр Минакаши Лекхи.
Махатма Ганди - әлемдегі ең танымал тұлғалардың бірі.