14.11.2021, 09:30
Мәдениет
«Қазақфильм» халықаралық фестивальдің арнайы сыйлығына ие болды
Korkut Ata Turkic World Film Festival фестивалі отандық «Томирис» фильмімен ашылды
Мәдениет және спорт министрлігі
Түркияның Стамбул қаласында өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival фестивалінің жабылу салтанатында «Қазафильм» киностудиясына «Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы табысталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Марапатты «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев алды. Ол фестиваль ұйымдастырушыларына құрмет сыйлығы үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, биыл алғаш рет ұйымдастырылған Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты. Фестиваль режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи картинасымен ашылды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты