Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты жігіті атағын жеңіп алды

Жерлесіміз King Choice рейтингі бойынша осы атаққа лайықты деп танылды

Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты жігіті атағын жеңіп алды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген King Choice онлайн дауыс беру рейтингінде бірінші орынға ие болды. Әнші 9,3 миллион дауыспен қазақстандық Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды, деп жазады King Choice сайты.

19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димашты қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосқан болатын. Дауыс беру 30 қыркүйекте аяқталды.

Аталған байқауда екінші орынды оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin) иеленді. Ол 8 миллионнан астам дауыс жинады.

Үшінші орын 1,9 миллион дауыс жинаған Чха Ын У (Cha Eunwoo) — оңтүстіккореялық әнші, актер және модельге бұйырды.

Қазақстандық әнші бұған дейін Қытайда «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясын, «Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы» номинациясын,  Қытай мен Қазақстан «Достық елшісі» наградасын иеленген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.