$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2021, 01:35
Мәдениет

Димаш Құдайберген Қытай сахнасына қайта оралды

Қазақстандық әнші Бейжің студенттік кинофестивалінде өзінің Screaming хитін орындады

Димаш Құдайберген Қытай сахнасына қайта оралды

Димаш Құдайберген ұзақ уақыттан кейін Қытай сахнасына қайта оралды. Қазақстандық әнші Бейжің студенттік кинофестивалінде өзінің Screaming хитін орындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

1993 жылы құрылған Пекин студенттік кинофестивалі – жыл сайын үлкен көлемде өткізілетін Қытайдағы алғашқы кинофестиваль.

Бүгінгі таңда ол Қытайдағы Шанхай халықаралық кинофестивалі мен Чанчун кинофестивалімен қатар аталатын ең ірі кинофестивальдің бірі саналады.

Фестивальді жыл сайын Бейжің педагогикалық университеті және Пекин қалалық радио, кино және теледидар бюросы ұйымдастырады.

«620 күннен кейін Димаш тағы да Қытай сахнасына үлкен құлшыныспен аяқ басты, онда ол өзінің ең танымал композицияларының бірі – алғашқы қытайлық «iD»альбомынан Screaming әнін орындады», - делінген хабарламада.

Weibo-дағы ресми парақшасында Димаш жанкүйерлерімен өз көңіл күйін бөлісті:

«Dears, мен 2 жылдан кейін Қытайға оралдым. Мен сіздерді қатты сағындым. Карантин кезінде барлық жоспарымыз өзгеріп кетті, дегенмен, енді сіздерді жиі қуантуға тырысамын. Сәлем, Қытай! Мен қайтып келдім!»,- деп жазды әнші.

Көрермендер Димаштың 28-ші студенттік кинофестивальде өнер көрсетуін 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 20:15-те CCTV телеарнасынан көре алады.

Серіктес жаңалықтары