$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2021, 16:51
Мәдениет

Хүррем Сұлтанның рөлін сомдаған танымал актриса Қазақстанға келеді

Мерьем Узерли қазақ көрермендеріне «Сүлеймен Сұлтан» тарихи сериалы арқылы таныс

Хүррем Сұлтанның рөлін сомдаған танымал актриса Қазақстанға келеді

Түрік актрисасы Мерьем Узерли келер жылдың басында Қазақстанда өтетін бүкіләлемдік Азия кинофестивалінің (Aitysh Asian World Film Festival) тұсаукесеріне шақырылады. Бұл шарада телехикаялар үшін арнайы марапат табысталады.

Бұл жоба 50-ден астам Азияның, Орталық, Шығыс және Солтүстік Африканың елін қамтиды және мұндай үлгідегі алғашқы жоба болмақ. Тұсаукесерге Мерьем Узерлиден басқа Корея, Ресей, Қытай және басқа елдердің танымал жұлдыздары шақырылады.

Мерьем Узерли қазақ көрермендеріне «Сүлеймен Сұлтан» тарихи сериалындағы Хүррем Сұлтанның рөлін сомдаған актриса ретінде таныс.

Asian World TV Series Awards-тың марапаттау рәсімі 2022 жылдың мамыр айында Ыстамбұлда өтеді.

Серіктес жаңалықтары