Алтай Көлгінов күй тартып, елорда тұрғындарына жаңа челлендж бастап берді

4 шілдеде қазақстандықтар Домбыра күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сазгер Ренат Гайсинмен бірге «Ерке сылқым» күйін орындады. Елорда әкімі ұлттық күйлерді орындап, қала тұрғындарын челленджге қатысуға шақырды.

«Домбыра — музыкалық мәдениетіміздің басты символы. Халқымыз салт-дәстүріміз бен мәдени құндылықтарымызды, қуанышы мен қайғысын қара домбыраның шанағынан төгілген үн арқылы жеткізіп отырған.

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова секілді өзге де композиторлардың күйлері жадымызда мәңгі сақталмақ. Олардың туындылары ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Елбасы атап өткендей, домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі.

Бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған концертте Мемлекет басшысы домбыра әуені еліміздің барлық этностарын біріктіріп, рухани бірлікке жетелейтінін атап өтті.

Жан-жақты дамуымыз өте маңызды. Жастарымыздың ұлттық аспапта ойнауға деген қызығушылығы мен ерекше ықыласы қуантады. 

Сазгер Ренат Гайсинмен бірге белгілі композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындадық. 

Елорда тұрғындары мен өз әріптестерімді челленджге белсене қатысуға шақырамын! Ұлттық күйлерімізді орындайық» — деп жазды елорда әкімі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.