ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

«Астана» телеарнасы мен отандық әншілер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап бейнеклип түсірді

Музыкалық жоба еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ұлықтайды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап «Астана» телеарнасы мен қазақстандық шоу-бизнес өкілдері «Қазақстан» деген атаумен бейнеклип түсірді. Оның әнін танымал әнші, композитор Маржан Арапбаева жазса, сөзінің авторы – Сырым Әуезхан.

«Бұл әнді орындау үшін танымал, жас орындаушылар және балалар хоры таңдалды. Бейнебаянда Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылдың ішіндегі өндірістегі, білім мен ғылымдағы, спорт пен медицина және әскери саладағы жетістіктерді көрсеттік. Сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясы өкілдері мен «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін бейнебаянға тарту арқылы Елбасының ерен еңбегін қамтуға тырыстық. Бірлігі жарасқан бақытты отбасы мен еліміздің үміті, сенімі, болашағы саналатын өнерлі, талантты балалар бейнесі де жобада көрініс табады. Біз осы бейнебаян арқылы елдің рухын көтеріп, бірлікке шақыруды көздедік», - дейді «Астана» телеарнасының директоры Құрманбек Жұмағали.

Бейнеклипте елімізге танымал өнер иелері ән шырқаған. Олардың қатарында Маржан Арапбаева, Серік Ибрагим, Жігер Ауыпбаев, Зарина Омарова, Ернар Айдар және өзгелері бар.