Аида Балаева киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды
Министр продакшндерді іріктеу мақсатында мемтапсырысты үлестіру ережесінің өзгеретінін айтты
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аида Балаева министрлікте телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру мәселесіне қатысты жұмыс пысықталып отырғаны және продакшндердің кәсіпқойлық деңгейі негізінде іріктеу мақсатында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты үлестіру ережелерін өзгерту жоспарланғаны туралы хабардар етті.
«Шетелдің, ең алдымен, өзіміз де танысқан Түркияның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, телехикаялардың идеологиялық мазмұны мен сапасын арттыру аспектілерінде тек киносериалдық өндіріс кешенінің барлық қатысушылары біріккенде ғана, яғни сценарист пен режиссерден бастап сыншы-рецензентге дейін, бұл салада едәуір нәтиже көрсетуіміз мүмкін. Бұл процесстерге киносыншылар институты қатыспай, қазақстандық телехикаялар мәдени периферияда қала бермек»,- деді министр.
Кездесу барысында киносыншылар Қазақстандағы киносериалдық индустрияны дамыту саласына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі телехикаялардың кәсіби орындалуы мен идеологиялық мазмұнының сапасын арттыру мақсатында сіздерді ынтымақтастыққа шақырады», - деді Аида Балаева.
Іс-шараның соңында А. Балаева министрлік телехикаялық өнім саласын дамыту мәселесі бойынша сындарлы ұсыныстарға ашық екенін атап өтті.