ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Иманбек 2003 жылдың үздік әні болған туындыға ремикс жасады

Billboard журналы «In da club» синглын «қайталанбас стиль», «соны туынды» деп бағалаған

Grammy музыкалық сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық рэпер 50 cent-тің «In da club» атты трекіне ремикс жасады.

2020 жылы Иманбек Зейкенов Saint Jhn есімді атақты рэпердің «Roses» атты әніне ремикс жасап әлемге танылды. Тіпті, сол ремикі үшін Grammy жүлдесін жеңіп алды.

Иманбек – Grammy сыйлығын жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Оның ремикс-туындысы YouTube желісінде 160 миллион рет қаралған, 20 аптадан аса уақыт бойы Billboard Hot 100 чартында үздік 10-дықта тұрды.

50 cent 2003 жылы Get Rich or Die Tryin’ атты алғашқы коммерциялық альбомын жариялады. Америкалық рэпердің альбомындағы ең танымал трек - «In da club» синглы. Billboard журналы аталмыш әнді «қайталанбас стиль», «соны туынды» деп бағалап, 2003 жылдың басты әні деп таныды.