ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді

Әнші Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинотуынды Ставангер қаласындағы Odeon Kino кинотеатрында көрсетілді.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Норвегия Корольдігіндегі Ставангер қаласында режиссер Джефф Веспа түсірген «Әміре» фильмі көрсетілді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап. 

 

Әнші Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинотуынды Ставангер қаласындағы Odeon Kino кинотеатрында көрсетілді. Бұл мәдени іс-шараны Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырған. «Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Ол 1925 жылы Париждегі ЭКСПО көрмесі аясында дүниежүзілік музыка конкурсына қатысып, Еуропа жұршылығына алғаш болып қазақтың дәстүрлі ән орындау өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен», - деді көрсетілім алдында Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркін Ахинжанов Ю. 

Гшара аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өтті.

Тегтер: