09.12.2019, 18:05
Мәдениет
Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Елбасы КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті
Фото: elbasy.kz
Елбасы Н. Назарбаев опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктермен бөлісті, деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.
«Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрермендердің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрермендердің жоғары бағасына ие болды», - деді Елбасы.
Б.Төлегенова Елбасымен кездесуде Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен вокалистердің X байқауының нәтижелері туралы айтты.
«Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін», - деді КСРО халық әртісі.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)