$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.04.2021, 11:18
Мәдениет

Тоқаевтың кітабынан: «Әкем Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына құрметпен қарады»

Кемел Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты романын «құбылыс» деп бағалаған

Тоқаевтың кітабынан: «Әкем Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына құрметпен қарады»
көрнекі сурет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әке туралы ой-толғау» атты кітабында әкесінің (Кемел Тоқаев - жазушы) кеше ғана дүниеден өткен Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын жоғары бағалағанын жазған.

«Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын қазіргі қазақ әдебиетіндегі «құбылыс» деп бағалаған әкем оның шығармашылығына үлкен құрметпен қарады. Берген бағасы толық ақталды, Қ.Жұмаділов шығармалары уақыт тезіне төтеп берді. Қаламгер күні бүгінге дейін жазушылық ортада үлкен құрметке ие болып отыр», - деп жазған кітабында.

5 сәуірде Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарған.

«Соңғы көш», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» сынды романдар мен бірнеше әңгімелер жинағының авторы.

Жазушы, детектив жанрының өкілі, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі.

Серіктес жаңалықтары