Димаштың Еуропадағы концерттерінің билет құны қандай?

Azattyq Rýhy
02.12.2019, 12:33

Димаш Құдайбергеннің барлық концерттері Еуропа елдерінің ең ірі спорттық-мәдени кешендерінде ұйымдастырылады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Германия қалалары мен Чехияда өтетін жеке концертіне билеттердің бағасы 14900 теңгеден басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құрметті достар! 25 наурыз күні Праганың Чехиядағы Tipsport-Arena-сында өтетін алғашқы жеке концертіме шақырамын. Билеттер @bilet.kartina.tv сайтында сатылуда. Сіздерді асыға тосамын. Кездескенше!», - деп жазады Димаш Instagram-дағы парақшасында.  

Еске салсақ, Д.Құдайбергеннің Еуропа елдері бойынша гастролі Германияның үш қаласында және Чехия астанасында өтеді. Барлық концерттер аталмыш елдердің ең ірі спорттық-мәдени кешендерінде ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, 19 наурызға жоспарланған Гамбург қаласындағы концерті «Barclaycard Arena»-да болады. Кешеннің сыйымдылығы - 16 мың орын.

21 наурызда Дюссельдорфтағы кеші 13 мың көрерменге арналған «Düsseldorf ISS DOME» көп кешенді жабық аренада өтеді.

Ал 28 наурызда қазақстандық әнші жанкүйерлерін Штутгарттың 15500 орындық «Hanns-Martin-Schleyer-Halle» жабық аренасына шақырады.

Өнер сүйер қауым Прагадағы шығармашылық концертке 25 наурыз күні 13500 орынға шақталған «TipSport-Arena»-ға жиналады.

Билеттер құны 35 - 349 еуро, яғни 14 900 – 148 500 теңге аралығында тұрады. Димаштың еуропалық турнесіне билеттерді ресми сатумен айналысатын bilet.kartina.tv сайты өзінің аңдатпа хабарландыруында қазақстандық әншіні «Ғаламшардың вокалдық ғажайыбы!» деп атаған.

«Бірақ көрермендер оны феноменді дауысы үшін ғана емес, сондай-ақ орындаудағы шынайылық үшін, әнді әртүрлі тілде орындайтындығы және аудиториямен қарым-қатынас ұстай білу қабілеті үшін жақсы көреді», - деп жазылған сайтта.

Еске салайық, Д.Құдайберген сондай-ақ 10 желтоқсан күні Нью-Йорктің белгілі «Barclays Center» аренасында концерт береді.

Бұған дейін ол Ұлыбритания астанасы —Лондонда, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында шығармашылық кештерін өткізген болатын.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның үздік шипажайы таңдалды
Димаш «Виктория» жүлдесінің екі номинациясы бойынша жеңімпаз атанды
Елордада Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы өтті

Сұхбат
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған