Димаш концертінде жанкүйерімен бірге ән шырқады

Azattyq Rýhy
30.11.2019, 11:29

29 қараша күні Санкт-Петербургтегі концертте Димаш Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз туындысы «Ұмытылмас күн» әнін Римар есімді индонезиялық фанатымен бірге орындады

29 қарашада Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Мұз сарайында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Әлемге танымал әншінің концерті туралы әлеуметтік желіде көптеген фото-видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Айырықша даусымен әлем жұртшылығын тамсандырған Димаш Құдайберген Индонезиядан келген жанкүйерімен дуэтте алғаш рет ән шырқады. 29 қараша күні Санкт-Петербургтегі концертте Димаш Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз туындысы «Ұмытылмас күн» әнін Римар есімді индонезиялық фанатымен бірге орындады.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында Димаш өзінің «Ұмытылмас күн» деген әнін бойжеткен жанды даусымен орындап, әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

«Мен алғаш рет 2017 жылы Димашты Adagio әнін шырқаған кезде көрдім. Содан бері мен оның жанкүйерімін. Димаш маған ерекше шабыт береді. Оның әндері жанымды өзгеше күйге бөлейді. Мен Димашқа хат жолдап, Санкт-Петербургтегі концертіне барғым келетінім туралы жаздым, жауап ретінде мен онымен сахнада ән айтуға ұсыныс алдым. Біз бірге репетиция өткізген жоқпыз және импровизация жасай алуымыз әбден мүмкін еді. Бір-екі күн бұрын ғана әнді таңдадық. Бұл менің өмірімдегі алғашқы үлкен сахна. Мен қатты қобалжыдым. Десе де, өзімнің кумиріммен бір сахнада ән саламын деген ой маған сенімділік пен шабыт берді», – дейді индонезиялық ару.

Римар үлкен аудиторияның алдында толқып, қобалжығанына қарамастан, Димашпен дуэті тамаша өтті, ал залдағы бүкіл көрермен бұл әнді қосыла шырқады.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Нью-Йорктен Нұр-Сұлтанға: Димаш Құдайберген ертең елордаға ұшып келеді
Американың атақты футболшысы Димаш Құдайбергенге сыйлық жасады
Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді