Қазақстандағы ең үлкен киноконцерт залы ашылды

Azattyq Rýhy

Бір уақытта 350-ге жуық көрерменді қабылдай алатын киноконцерт залы Chaplin Mega Alma-Ata аумағында орналасқан

Фото: 24.kz

Алматыда Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің ең үлкен залы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бір уақытта 350-ге жуық көрерменді қабылдай алатын киноконцерт залы Chaplin Mega Alma-Ata аумағында орналасқан. Биіктігі 13 жарым, ені 25 метр алып экраннан кино көру мүмкіндігіне Орталық Азия бойынша бірінші болып алматылық көрермендер ие болды. Заманауи экран табанды еңбектің арқасында орнатылды, дейді компания қызметкерлері. Сондықтан бірегей экранмен жабдықталған залдың ашылуы да есте қаларлықтай болды. 

«Ауқымды құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Розыбакиев көшесіндегі «Мега» ойын сауық орталығында үлкен киноконцерт залын аштық. Бұл – өзіндік ерекшеліктері бар бірегей кинотеатр. Біріншіден, көлемі өте үлкен. Соны ескере отырып, сапалы кинозал ашу керек деп шештік. Мұнда кино көріп, концерт тамашалауға да болады. 150 шаршы мертлік сахна драма театр сахнасымен пара пар», - дейді Chaplin кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.

‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Қазақстанда BRIDGE TV QAZAQSTAN жаңа музыкалық телеарнасы ашылды
Мейрамбек Бесбаев депутат Зағипа Балиеваға: «Әншілердің шаруасына араласпаңыз!»
Димаш Джеки Чан түскен «Авангард» фильмінің саундтрегін орындады

Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат