03.02.2021, 15:40
Мәдениет
Жазушы Әнес Сарай ұлттық пантеонда жерленетін болды
Тоқаев марқұмның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, драматург Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Көрнекті жазушы, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Төлендіұлы Сарайдың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Қарымды қаламгер республикалық газеттер мен баспада және Қазақстан Жазушылар одағында еңбек сіңірді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген көңіл айту жеделхатында.
Жазушы, драматург Әнес Сарай ұлттық пантеонда жерленетін болды.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
