$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2021, 15:57
Мәдениет

Украина қалаларының бірінде қазақ тілі мектебі ашылды

Онда тек қазақ тілін оқытумен шектелмейді, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін, салтын тануға көмектеседі

Украина қалаларының бірінде қазақ тілі мектебі ашылды

Қазақстанның Харьков қаласындағы құрметті консулдығында «Шаңырақ» қазақ тілін оқыту мектебі жұмысын бастады. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқушылар алғашқы сабақта шаңырақ дегеннің не екенін, оның не үшін қолданылатынын білді. Сондай-ақ қазақ тілінде бірнеше сөзді үйреніп, Қазақстанның мемлекеттік әнұранын шырқаған.

Оқушылар арасында Украинадағы қазақ диаспорасының өкілдері (негізінен балалар) және Қазақстанға қызығушылық танытып отырған жергілікті азаматтар бар. Мұндағы оқыту әдістемесі тек қазақ тілін оқытуға емес, сонымен бірге қазақ халқының дәстүрлерін, мәдениеті мен салтын тануға негізделген.

Серіктес жаңалықтары